АҒЫМДАҒЫ ШОТ

lat: AǴYMDAǴY SHOT

елдің сыртқы сауда рыногындағы жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, яғни нақты кезеңде өткізілген тауарлар мен қызметтердің жалпы құнындағы сыртқы сауданың жалпы көлемінің үлесін көрсетеді; шетелдіктердің мүліктерінен алынған табыс арасындағы айырма, сондай-ақ шетелден алынған субсидиялармен шетелге берілген субсидиялар арасындағы айырманы сипаттайды; ағымдағы есеп айырысуды және келіп түсетін ақша қаражаттарын сақтауды жүзеге асыруға арналған банктік шот.